Шымкентте жол құрылысына жауапты мамандардың семинары өтті

0
919

Оған «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Нұр-Сұлтан қаласындағы бас кеңсесінен мамандар арнайы келген.


Шымкентте жол құрылысына жауапты мамандардың семинары өтті

Шымкентте тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері мен басқармалары қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Нұр-Сұлтан қаласындағы бас кеңсесінен мамандар арнайы келген.

Мекеменің қалалық филиалында өткен семинарға Шымкент қалалық және Түркістан облысы мен аудандарының автомобиль жолдары мен тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасы мен бөлімдерінің жетекшілері, мамандары қатысты.
Мұндай семинар өткізудегі басты мақсат – халыққа қызмет ететін жол салудың сапасын жақсарту. Себебі, осы саладағы қызметкерлердің тек 10 пайызының жол саласы мамандығы бойынша дипломы бар. Ал жол құрылысына тапсырыс берушілердің біліксіздігі жол сапасына тікелей әсер етеді. Осыған орай жауапты мамандардың біліктілігін арттыруға арналған республикалық семинар алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлерінде өтеді деп жоспарлап отырмыз, – дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Бауыржан Жексенбеков.
Жол салуға, салаға қатысты жұмыстарға тапсырыс беруге жауапты қызметкерлер Ұлттық сапа орталығының қалалық филиалындағы зертханамен, сынама жүргізетін құрылғылар және қондырғылармен танысты. Соңғы үлгідегі техникалармен жұмыс істеу барысы түсіндірілді. Бұдан кейін елордалық мамандар мен жергілікті қызметкерлер саладағы соңғы жаңалықтар мен өзекті мәселелерді талқылады, пікір алмасты.