​Шымкентте жол үстіндегі трюктері үшін жас жігіт жауапқа тартылды

0
466

Жігіт бейнежазбаны өзінің парақшасында жариялаған.


​Шымкентте жол үстіндегі трюктері үшін жас жігіт жауапқа тартылды
ERNUR.KZ. Шымкентте жол үстіндегі трюктер жасағаны үшін экстремал жауапқа тартылды.


Заң бұзушылықты полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықтады.

Ірі сауда орталығының алдындағы автожолда орын алған «қойылымды» скутермен жас жүргізуші ұйымдастырған болып шықты. Мотокөлікті бір доңғалағын көтеріп, жылдамдықпен кері бұрылып басқарған жігіт бейнежазбаны өзінің парақшасында жариялаған.

Бұл ессіз әрекеті оны тек әкімшілік жазаға әкелді.
Сақшылар кұқық бұзушыны анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 615-бабының 3-бөлігімен хаттама түзді. Ер азаматтың жол қозғалысы ережелерін бірінші рет бұзбағаны және бір жылдан аз уақыт бұрын ұқсас жайт үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлері жол жүру қағидаларын елемеудің салдары қайғылы болуы мүмкін екенін ескертеді, сондай-ақ екі доңғалақты көлік жүргізушілерін жылдамдықты асырмауға және заң бузушылықтарға жол бермеуге шақырады.