Көрме залында орналасқан жаңа брифинг алаңы заманауи жабдықтармен жабдықталған.
Бүгін Шымкентте жаңа брифинг орталығы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Көрме залында орналасқан жаңа брифинг алаңы заманауи жабдықтармен жабдықталған. Жаңа алаңның ерешелігі журналистер қауымы емін-еркін кіріп шығуға да, кез-келген уақытта жиналып пікір алмасуға да ыңғайлы. Болашақта бұл орын журналистерге арналған ашық алаңға айналмақ.
Басқарма басшысы өзінің есебінде 2022 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, басқарма қаладағы ең өзекті мәселелермен, яғни, шаһардың қоғамдық-саяси ахуалы, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс, этносаралық қатынастар, ақпараттық саясатты жүргізу, жастар және отбасы саласы бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен таныстырды.