Тіркелген өрттердің негізгі бөлігі тұрғын үйлерде орын алған.
Шымкент қаласы аумағында жыл басынан бері 182 өрт тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қайтыс болған адамдар жоқ. Тіркелген өрттердің негізгі бөлігі тұрғын үйлерде орын алған.
Өрттердің адам өлімі мен жарақат алу қаупін төмендету мақсатында Төтенше жағдайлар Департаменті профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Қала аумағындағы мөлтек аудандарда жалпы саны 308 210 адам қамтылған 73 068 үйге, 11 245 адам қамтылған 192 жиын түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы әзірленген жаднамалар таратылды. Қала аумағындағы сауда орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, қаланың LЕD-экрандарында, 6 сауда-ойын сауық ортылығында орналасқан кинотеатрларда (қойылым басталмай тұрып) «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілуде.
Сонымен қатар, газдан немесе жану өнімдерінен улану жағдайларын төмендету мақсатында жеке тұрғын үйлерде улы газдан датчиктерді орнатылуда.
Айта кетейік, бүгінгі күні қала бойынша жеке тұрғын үйлерде 82 датчик орнатылған. Оның ішінде табиғи газ – 25, улы газ – 35 және түтін газы – 22. Соңғы жылы тұрғын үйлерде әкімдіктер мен демеушілер есебінен 1 102 автономды датчиктер орнатылды.