Қазір шымкенттік тауарлар еліміздің барлық аймақтарына жөнелтілуде.
Сондай-ақ, аумағы 867 гектарды құрайтын 5 жаңа өнеркәсіптік алаң құрылуда. Нәтижесінде, инвестиция көлемі 398 миллиард теңгені құрайтын 271 жоба іске асырылатын болады.
Айта кетейік, Шымкенттік аяқ киім өндірісі жаңа желіні іске қосты. Ел экономикасының күші – отандық өнімде. Шымкенттік «Lux Shoes» фабрикасы заман талабына сай итальяндық технология бойынша, түркиялық «FANTES» және «COMELZ» маркалы құрылғылармен аяқ киім тігеді. 2018 жылдан бері нарықта отандық өндіріске үлес қосып келе жатқан компания жақында аяқ киім тігудің жаңа желісін іске қосты. Яғни, «Lux Shoes» БК» ЖШС-нің аяқ киім табандары өндірісі Шымкент қаласының «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Фабрика 120 жұп және 150 жұп резеңке табанын дайындауға қауқарлы. Отандық аяқ киім өндірісіне маманданған кәсіпорын 2018 жылдың тамызында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жұмысын бастаған. Жобаның инвестиция көлемі – 693 миллион теңге. Фабрикада 45 адам жұмыс істейді. Аяқ киімнің барлық түрлері таза былғарыдан жасалған және сапалылығымен ерекшеленеді.