Шымкент қаласының Абай ауданының сотының үкімімен тергеуші Төребайға 13,2 млн теңге айыппұл салынды.
Шымкент қаласында зорлау қылмысын сыбайласып тоқтатпақ болған тергеуші мен адвокат сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
"Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұдан бұрын адвокат Н.Елғоновқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізген еді. Адвокат парақорлыққа делдал ретінде тергеуші Төребайға 440 мың теңге беру жолымен зорлауға қатысты қылмыстық істі тоқтатпақ болғаны үшін күдікті ретінде танылған», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров агенттіктің бүгінгі «Антикор LIVE» айдарында.
Шымкент қаласының Абай ауданының сотының үкімімен тергеуші Төребайға 13,2 млн теңге айыппұл салынды. Ол сонымен қатар өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды. Дәл осы соттың үкімімен Елғонов та айыпты деп танылып, оған 4,4 млн теңге айыппұл тағайындалды. Ол да өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ете алмайды.