Шымкенттегі 10 елдімекен сапалы ауыз сумен қамтылды

0
583

Жыл соңына дейін сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан - 98%-ға өсетін болады.


Шымкенттегі 10 елдімекен сапалы ауыз сумен қамтылды

Шымкенттегі 10 елдімекен сапалы ауыз сумен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысы биылғы халыққа арнаған Жолдауында өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
Еліміздің үшінші мегаполисіндегі тұрғындарды таза ауыз сумен қамту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда осы жылы 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Оның үшеуі жалпы ұзындығы 30 шақырымды құрайтын магистралды су құбыры және 11 елдімекенде ішкі орам жүйелері тартылды.
Нәтижесінде 10 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылды. Тұрғындарға су беру жұмысы кезең-кезеңімен атқарылуда.
Жалпы қалада 81 елді-мекеннің 69-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 5 елді мекен кестемен, 7 елді мекен тасымалды ауыз суды тұтынады.
Нақтырақ айтар болсақ, қаламызда ауыз суын тасымалдап ішетін 7 елдімекеннің барлығындағы ауыз су мәселесі шешілді. Олар: Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және Ақтас-2 елдімекендері.
Сонымен қатар, ауыз суын кесте бойынша тұтынып келген Жаңаталап және Сәуле (276 орам) тұрғындары да мемлекеттік сапалы аузы суға қол жеткізді. Сонымен бірге қаланың жаңақұрылыс аумағында орналасқан Нұртас елдімекеніндегі ауыз су құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Жыл соңына дейін мегаполис тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан - 98%-ға өсетін болады.
Ал, құрылыс жұмысы ағымдағы жылы басталған Құрсай елдімекенінің тұрғындары келер жылы сапалы ауыз сумен қамтылады.
Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендерінде ауыз су жүйелерінің құрылысы 2022 жүргізіледі.
2023 жылға дейін қала тұрғындарын 100% сапалы ауыз сумен қамту жоспарланып отыр.