Ашық есік күніне келген ата-аналарды №2 оқушылар сарайының директоры Данияр Дүйсенбайұлы күтіп алып, ғимарат ішімен толық таныстырып өтті.
Бүгін №2 Оқушылар сарайында ата-аналармен ынтымақтастықты арттыру мақсатында ашық есік күні өтті.
Іс-шара аясында ата-аналар концерттік бағдарлама тамашалап, ойындар ойнады, әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген оқырмандарымызға сыйлықтар таратылды. Ашық есік күніне келген ата-аналарды №2 оқушылар сарайының директоры Данияр Дүйсенбайұлы күтіп алып, ғимарат ішімен толық таныстырып өтті.
Іс-шара аясында үйірмелердегі сабақ өту барысына куә болған ата-аналар бос орындарға балаларын жаздыртып, мекеме басшылығына алғыстарын жеткізді.
Бұл бастаманың мақсаты – ата-аналар мен ұстаздар арасындағы байланыс пен өзара түсіністікті нығайту, балалардың оқу және тәрбие процесіне ата-аналардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Іс-шара барысында білім беру мәселелері талқыланып, ата-аналарға тәрбиелік кеңестер берілді. Бұл ынтымақтастық балалардың жан-жақты дамуына оң әсер етеді.