Білім нысандарының барлығы да І-дәрежелі мамандандырылған күзет мекемелерімен келісім-шарт аясында жұмыс істейді.
Бүгінде Шымкент қаласындағы 246 мектеп ғимаратының кіреберістеріне адамның бет-әлпетін танитын турникеттер орнатылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тиісті талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері мен дабыл батырмалары Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Сонымен қатар, білім нысандарының барлығы да І-дәрежелі мамандандырылған күзет мекемелерімен келісім-шарт аясында жұмыс істейді.
Білім беру мекемелерінің бірінші басшылары мен қызметкерлері терроризмге қарсы іс-қимылдарды меңгеру үшін арнайы оқу курстарынан өткізілді.