Шымкенттегі ағаш базар өртке оранды

0
1 189

Қызыл жалын 290 шаршы метрді шарпыған.


Шымкенттегі ағаш базар өртке оранды

Шымкентте ағаш базары өртке оранды деп хабарлайды Ernur.kz тілшісі.

Әл-фараби ауданына қарасты Қайтпас-2 шағынауданындағы Сырым батыр көшесі бойында орналасқан ағаш базарынан бүгін өрт шықты.

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік-диспетчерлік пунктіне 17 шілде күні сағат 12.15-те хабар түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды 12.52-де оқшаулап, сағат 13.42- де өрт толық сөндірілген. Мамандардың айтуынша базарда жиналған ағаш өртеніп кеткен. Қызыл жалын 290 шаршы метрді шарпыған. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
"Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімдерінің 8 техникасы, жеке құрамында 51 адам жұмыс атқарды. Қосымша жергілікті атқарушы органдары тарапынан 3 су тасығыш көліктері де жұмылдырылды,"- деп мәлімдеді Шымкент қ. ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.