​Шымкенттегі АИТВ-инфекциясының таралу көрсеткіші республика бойынша сегізінші орында

0
1 602

АИТВ инфекциясының статусын білуге және терапия қабылдауға мүмкіндік беретін тестілеудің тегін жүргізіледі.


​Шымкенттегі АИТВ-инфекциясының таралу көрсеткіші республика бойынша сегізінші орында

Шымкент қаласында АИТВ-мен өмір сүретін 1189 адам антиретровирустық терапияны алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қаласындағы ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының бас дәрігері Т.Мейрханов айтып берді.
Оның айтуынша 100 мың халыққа АИТВ инфекциясының таралуы бойынша шаққанда Шымкент қаласының көрсеткіші республикалық көрсеткіштен төмен және қала ел аумағы бойынша сегізінші орында.
"АИТВ инфекциясының жұғу жолдарына талдау жасағанда жыныстық қатынас арқылы жұғу жолы басымдау екені анықталды. Бүгінгі таңда АИТВ-мен өмір сүретін 1189 адам антиретровирустық терапияны қабылдайды. Соның нәтижесінде өлім және науқастану жағдайлары азаюда", - деді бас дәрігер Т.Мейрханов өз сөзінде.
Сондай-ақ, бас дәрігер АИТВ инфекциясының статусын білуге және терапия қабылдауға мүмкіндік беретін тестілеудің тегін жүргізілетінін жеткізді. Осы шара жүкті әйелдердегі жұқпаны уақытылы анықтап, анадан балаға берілудің алдын алуға көмегін тигізіп жатыр. Нәтижесінде АИТВ инфекциясын жұқтырған әйелдерлен өңір бойынша 296 сау бала дүниеге келген.
Оған қоса Шымкент қаласында "АИТВ+туберкулез" Жаһандық Қорының жобасын іске асыру шеңберінде негізгі тұрғылықты жері бойынша ем алуға мүмкіндігі жоқ 7 шетел азаматы емделіп жатыр. Олардың төртеуі бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдар, ал үшеуі туберкулезге қарсы диспансер емделушілері.
Айта кетейік, Шымкент қаласында АИТВ|ЖИТС инфекциясы алғаш рет 1993 жылы анықталып, 2035 жағдай тіркелген.