Шымкенттегі әлеуметтік көмекке мұқтаж 50 жанұяға азық-түлік себеттері таратылды

0
1 602

Шымкенттік жастар «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.


Шымкенттегі әлеуметтік көмекке мұқтаж 50 жанұяға азық-түлік себеттері таратылды

Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ел Президент Қ.Тоқаев қазақтың асар дәстүрі волонтерлықпен үндесетінін, сол себепті ағымдағы жылы қайырымдылық жасауды заманға сай жаңғырту қажет екенін мәлімдеген болатын. Бүгін Шымкент қаласының бір топ белсенділері қайрымдылық акциясы аясында көмекке мұқтаж 50 жанұяға азық-түлік себеттері таратылды. Нақтырақ айтсақ, тұрмыстық көп тұтынатын ұн, қант, ақ май, макарон, гречка, шай, печенье, тәттілер мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына демеушілердің көмегімен киім-кешек берілді.

Айта өтейік, алғашқы «Жанға жылу» қайырымдылық акциясына ат салысқандар қатарында кәсіпкерлер, ерікті жастар, қалалық жастар мәслихатының мүшелері мен танымал өнер жұлдыздары бар. Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы - Ж.Қалтаев, Жастар ресурстық орталығының басшысы - Б.Молдабеков, «Bal Tekstil» кілем фабрикасының құрылтайшысы - Бағдат Талғатұлы, Жұлдыз Намаз - "The voice Kz" ән байқауының финалисті және «Sulu models» модельдік агенттігі өкілдері мен өзге де қоғам белсенділері, ерікті жастар бірлесіп қайрымды іске белсене кірісті.