Шымкенттегі дендросаябақ өзгеше кейіпке енеді

0
2 191

Бұл жұмыстарды "Humann" және "Кереге А" ЖШС-лары орындайды


Шымкенттегі дендросаябақ өзгеше кейіпке енеді

ERNUR.KZ. «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Күрделі жөндеу жұмыстарына 90137,0 мың теңге бөлініп, «Кереге А» ЖШСжұмыстарды бастады. Күрделі жұмыстардың құрамына: негізгі кіреберіс арканы қайта жөндеу,негізгі кіреберіс арканың алаңшасын заманауи үлгіде қайта жасау, автотұрақты ұлғайту кіріп отыр. Сонымен қатар, жаңа автопаркомат пен касса бекеттері орнатылады. Көл жағасындағы тірек қабырғалар жаңарып, жас жұбайлар аллеясындағы фонтан мен сарқыраманы жөндейтін боламыз», - дейді Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағының басшылығы.

Айта кетейік, күрделі жөндеу жұмыстары барысында дендросаябақта абаттандыру жұмыстары да жүргізілетін болады. Абаттандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 205 393 мың теңге бөлініп отыр. Бұл жұмыстарды«Humann» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орындайды. Абаттандыру барысында:аяқжолдар, шахматты алаңша, үш жерден жаттығу алаңы салынып, аркалар бой көтереді. Сонымен қатар, саябақ телескоп, вайфай секілді заманауи технологиялармен толықпақ.

Бұл жұмыстарды осы жылдың күзінде аяқтау жоспарланып отыр.