Оның ішіндегі жүз он тоғыз мыңға жуық арыз-шағым орындалып, қала тұрғындарының сұрақтары мен мәселелері қанағаттандырылды.
Шымкентте өткен жылдың маусым айында ашылған қалалық ситуациялық 109 орталығы қала тұрғындарының мәселесін атқарушы органға жеткізіп, шешімін табуда өзінің тиімділігін көрсетіп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінге дейін орталыққа барлығы 120 мыңнан астам арыз-шағым түскен. Оның ішіндегі жүз он тоғыз мыңға жуық арыз-шағым орындалып, қала тұрғындарының сұрақтары мен мәселелерін қанағаттандырды. Қалған 1875 арыз-шағым қаралуда, яғни жауапты мекемелер мен аудандық әкімдіктердің жіті бақылауында.
Орындалған арыз-шағымдардың басым бөлігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (4916 шағым) үлесінде болып отыр. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы – 1928, Абай ауданы әкімдігі – 881, Қаратау ауданы әкімдігі – 693, Денсаулық сақтау басқармасы – 595, «QazSmartTrans» ЖШС – 580, «ҚуатЖылуОрталық-3» МКҚК – 567, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы – 544, Тұрғын үй басқармасы – 542, Әл-Фараби ауданы әкімдігі – 483, Еңбекші ауданы әкімдігі – 449, Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы – 383 және тағы басқа мемлекеттік мекемелер мен сервистік қызмет көрсететін мекемелер орындаған.