Ғабидолла Әбдірахымов бүлдіршіннің қазасына көршісі кінәлі екенін айтқан еді
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Шымкент қаласы Полиция департаменті үш жасар қызды көмексiз қалдырған күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазіргі таңда күдіктінің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 119-бабы 3-бөлігі бойынша қайта дәрежеленді. Өткізілген тергеу амалдарының нәтижесі бойынша қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы материалдар Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотына ұсынылады.
Бұрын хабарланғандай, сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша жасөспірім қыздың өлімі биіктен құлау нәтижесінде құсу массасының механикалық асфиксиясынан, яғни өз құсығына тұншығып қалу салдарынан болған.
Сондай-ақ, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Шымкенттегі 3 жасар қыздың өліміне көршісі кінәлі екенін айтқан болатын.