Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталығында делдалдар қаптап кеткен

0
2 218

Делдалдар бес мың теңгеге бір сағаттың ішінде құжаттарды рәсімдейді.


Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталығында делдалдар қаптап кеткен

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Шымкентте көлік иелері мамандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығындағы жағдайға байланысты "Нұр Отан" партиясына шағым түсірді. Екі күн қатарынан адамдар көліктерін тіркей алмай отыр, деп жазады tengrinews.kz. "Отырар" сайтына сілтеме жасап.

Көлік иелерінің айтуынша, делдалдар мамандандырылған ХҚКО территориясында жүреді. Ақша үшін олар көлік иелеріне керекті құжаттарды жасап береді екен. "Делдалдар бес мың теңгеге бір сағаттың ішінде құжаттарды рәсімдейді, бәрі келісілген", - деді Бахадүр Нарымбетов "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалының басшысы көлік иелерінің сөзін растап.

Олармен күресу үшін қызметін әшкерелеу мақсатында арнайы адамды жіберіледі. ХҚКО қызметкерлерін осы үшін тәртіптік жауапқа тартады немесе жұмыстан босатады. Көлік иелері өздігінен делдалдардың қызметіне арызды өте сирек жазады.

"Біздің менталитетіміз сондай. Адамдар наразылық білдіреді, бірақ арызданбайды. Арыз түскен кезде, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға болады. Ол дегеніміз 5 АЕК айыппұл немесе үш тәулікке қамалады", - деп жазылған басылымда.

Жемқорлықты азайту үшін ХҚКО қалалық "Нұр Отан" партиясының филиалымен меморандум жасасты.

Оған қоса, Шымкенттегі жалғыз мамандырылған ХҚКО кезек ағымын азайту үшін Қайтпас шағымауданында қосымша орталық ашу жоспарланып отыр.