Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа жұмыс тәртібі

0
1 163

ХҚО-ға барған кезде қашықтықты сақтау және медициналық маскалардың болуы талап етіледі.


Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа жұмыс тәртібі

Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін уақытша өзгертті. Бұл туралы шешімді Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осылайша, ХҚО азаматтарды дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін қабылдайды. Сенбі демалыс.
Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында ХҚО-ға кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.
Осыған байланысты мемлекеттік қызметтерді алу үшін кезекті сағат 13.30-ға дейін брондау қажет.
ХҚО-ға барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз және медициналық маскалардың болуы талап етіледі.