​Шымкент қалалық мәдениет үйі үздік атанды

0
1 516

Әр номинация бойынша жеңімпаз ұжымға 1 000 000 теңге, әр номинация бойынша жеңген жекелей азаматқа 500 000 теңге табысталды


​Шымкент қалалық мәдениет үйі үздік атанды

Шымкенттегі мәдениет үйі республикада ең үздік деп танылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Рухани Қазына – 2020» республикалық байқауында «Шымкент қалалық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны «Үздік мәдениет үйі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ұлттық музейде байқау жеңімпаздарын марапаттады.
Әр номинация бойынша жеңімпаз ұжымға 1 000 000 теңге, әр номинация бойынша жеңген жекелей азаматқа 500 000 теңге табысталды. Жалпы номинация саны – 50.
Биыл мəдениет пен өнер саласы қызметкерлері арасында байқау елдегі эпидемиология жағдайын ескере отырып, алғаш рет онлайн форматта өтті.
Қыркүйектің 28-30 аралығында қазылар алқасы барлық өтінімдерді қарады. Осымен үшінші рет өткен байқауға мемлекеттік музей, кітапхана, мәдениет үйлері мен ауыл клубтарынан жалпы саны 259 өтініш түскен. Оның ішінде 119 – кітапхана, 90 – мәдени ойын-сауық ошағы мен 50 – музей бар.