Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының онкологиялық және туберкулез аурушаңдығы бойынша Н.Асылбековтың төрағалығымен үйлестіру кеңесі өтті.
Жиында онкологиялық орталық директоры Ж.О.Мауленов қызмет барысының 5 айлық есебінің кешенді жоспар индикаторлары онкологиялық аурулардың ерте сатыдағы үлесін ұлғайту, көрінетін жерлердегі онкологиялық аурулардың асқынған жағдайларының үлесін азайту, онкологиялық аурулардан болатын өлімді төмендету, онкологиялық аурулары бар пациенттердің 5 жылдық өміршеңдік деңгейін ұлғайту бойынша, онкологиялық скринингтік тексеру, №112 ҚР халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру бұйрығы қағидаларының бірі, онкологиялық сырқатқа күмәнді науқастардың жасыл жолақ бойынша тексерілу барысын баяндады.
Басқарма басшысы Н.Асылбеков орталық директорына көрсеткіштер мен емханалар қызметін тез арада жақсарту бойынша бірнеше тапсырмалар берді.
Сондай-ақ үйлестіру кеңесінде Шымкент қаласы бойынша денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс фтизиатр дәрігерлері Бибігүл Тұранқызы және Айгүл Мұхтарқызы қала бойынша ересектер мен балалар арасындағы 2024 жылдың 6 айындағы туберкулез ауруының эпидемиологиялық жағдайын баяндады. Фтизитар дәрігерлерінің баяндамасы бойынша туберкулез ауруын алдын алу мен кеткен кемшіліктер бойынша талдау жасалынып, медицина ұйым басшыларына ескерту берілді.