Шымкенттегі сұмдық оқиға: Өлі денесі табылған 3 жасар қыз "өз құсығына тұншыққан" болуы мүмкін

0
3 495

Бұл оқиға туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.


Шымкенттегі сұмдық оқиға: Өлі денесі табылған 3 жасар қыз

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері үш жасар қыздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша "Жасөспірім қыздың өлімі құлау нәтижесінде «құсу массасының механикалық асфиксиясынан», яғни өз құсығына тұншығып қалу салдарынан болуы мүмкін" делініп отыр. Себебі оның ішкі құрылысында шайқалу белгілері бар. Сонымен қатар, сараптама оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.

Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Іс бойынша тергеп-тексеру амалдары Шымкент қаласы прокуратурасы мен Полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды, деп хабарлады Шымкент қаласы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осының алдында Шымкент қаласында 3 жасардың қыз баланың өлі денесі табылғандығы туралы ақпараттар тараған болатын.