Шымкенттегі «Цитадель» қамалы 2020 жылдың маусым айында ашылады

0
1 189

Қазақстанның туристендіру картасының ТОП-50 нысанына енгізілген «Ескі қалашық» кешенінің шебер-жоспары әзірленетін болады.


Шымкенттегі «Цитадель» қамалы 2020 жылдың маусым айында ашылады

2020 жылдың маусым айында Шымкент қаласының басты туристік нысаны айналуы жоспарланып отырған «Цитадель» қамалының ашылуы жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы орайда, аталған аймақты одан әрі туристерге тартымды ету мақсатында Қазақстанның туристендіру картасының ТОП-50 нысанына енгізілген «Ескі қалашық» кешенінің шебер-жоспары әзірленетін болады.

Шебер-жоспар – «Ескі қалашық» кешені аумағында орналасатын нысандарды айқындап, оларды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін айқындайтын болады.

Жалпы шебер-жоспар 4 кезеңді қамтитын болады:

1) Шымкенттің туристік әлеуетін талдау және бағалау;

2) Стратегиялық көріністі анықтау;

3) Цитадель нысаны негізінде Шымкенттің тарихи орталығының даму стратегиясын айқындау;

4) Туристік және инвестициялық стратегияны анықтау.

Шымкент қаласы туризм басқармасы «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» іс-шарасы аясында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізуде:

1. Туристік инфрақұрылымды дамыту;

2. Қызмет көрсету сапасын арттыру;

3. Туристік іс-шаралар өткізу.

"Бұдан бөлек, «Мәдени астана» шеңберінде келетін қонақтар мен жалпы қалаға келуші туристерге ақпараттық және консультациялық көмек көрсету мақсатында 20 наурызға дейін қалада 5 туристік ақпараттық дүңгіршек орналастырылатын болады. Туристерге ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін туристік нысандарға 3 тілде, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндеQR-төлқұжаттар орналастырылуда. Бүгінгі күні 20 нысанға төлқұжаттар қойылып қойса, наурыз айының 20-на дейін қосымша 10 нысанға орналастырылады", - деді Азамат Мұратбекұлы Қалқабаев
Аталған QR-төлқұжаттарға арнайы аудиогидтер жазылып, IZI travel халықаралық туристік платформасымен интеграцияланған.

Сонымен қатар, туристік нысандарға бағыттайтын навигациялық стелалар әзірленуде. Навигациялық стела – жақын тұрған туристік нысан туралы ақпарат беріп, картада оның орналасу нүктесін көрсететін болады. Аталған ақпараттық навигациялық стела қаланың 30 нүктесінде мамыр айының басына дейін қойылу жоспарлануда.

Аталған интерактивті таблолардың басты функциясы – туристерге ақпарат беру болып табылады. Мамыр айында аталған таблоларға қаланың 3D туристік картасы енгізілмек.