Шымкенттік әкім тұрғындар алдында есеп берді

0
1 560

2018 жылы аудан әкімдігі аппаратына 3015 хат түсіп, олар заң аясында қаралған.


Шымкенттік әкім тұрғындар алдында есеп берді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің алғашқы есептік кездесуі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі алғашқы есептік кездесууін өткізді. Халық алдындағы есептік жиынға тұрғындар, қала əкімінің орынбасары Данат Жумин, мəслихаттың депутаттары, қалалық коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің, білім беру жəне денсаулық сақтау салаларының өкілдері, ішкі істер басқармасының қызметкерлері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Аудан əкімінің баяндамасына сәйкес, 2018 жылы аудан әкімдігі аппаратына 3015 хат түсіп, олар заң аясында қаралған. Бұған қоса қала əкімінің өкіміне сəйкес 167 адам аудан əкімінің жеке қабылдауында болған.


Өз сөзінде: «Коммуналдық саладағы көрсеткіштер де жаман емес. Аудан тұрғындарының ауыз су, табиғи газ, электр қуатымен қамтылу көрсеткіші 99,7%-ды құрайды. Қала аумағына Сайрам ауданынан енген Бадам және Сəуледегі жаңақұрылыс аумағын инфрақұрылымдық жүйемен қамту 2019-2020 жылдарға жоспарлануда. 2018 жылы сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша аудандық бюджетке түскен түсім көлемі 86 миллион теңгені құрады», - дейді аудан əкімі Ғабит Мəуленқұлов.

дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі