Шымкенттік әкім тұрғынүйлерге қызмет көрсетуші мекемелерге тапсырма берді

0
1 008

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер үйлерді қысқы жылыту маусымына дайындау және аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстары болды.


Шымкенттік әкім тұрғынүйлерге қызмет көрсетуші мекемелерге тапсырма берді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі аудан аумағындағы көпқабатты тұрғынүйлерге қызмет көрсетуші сервистік мекеме өкілдерімен және аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарымен айналысатын мекеме басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесу барысында үйлерді қысқы жылыту маусымына дайындау және аудан аумағындағы санитарлық тазалық мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, аудан әкімі Ғ.Мәуленқұлов ауданның санитарлық тазалығы және үйлерге жүргізілетін сығымдау жұмыстарын сапалы жүргізілуі бойынша қызмет көрсетуші мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.