Шымкенттік әкімнің орынбасары тағайындалды

0
2 166

Жаңа аудан әкімі орынбасары ауданның кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету салаларына басшылық ететін болады.


Шымкенттік әкімнің орынбасары тағайындалды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы Қаратау аданы әкімінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қаратау ауданы әкімінң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаратау ауданы әкімінің бұйрығымен Құрбанбанев Ерлан Нұрдәулетұлы аудан әкімі орынбасары болып тағайындалды. Аудан әкімі Исамидин Мұхитдинұлы аудан әкімі жаңа орынбасарын аппарат ұжымымен таныстырды. Жаңа аудан әкімі орынбасары ауданның кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету салаларына басшылық ететін болады.

Құрбанбаев Ерлан Нұрдәулетұлы 1985 жылғы 5 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы Абай ауылында дүниеге келген.

Абай атындағы Қазақ ұлттық университетін «заңгер», Қазақ қатынас жолдары университетін «экономика бакалавры», Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін «экономика магистрі» және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекші маманы болып бастаған.

2011 жылдың қаңтарынан 2013 жылдың тамыз айлары аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесінің индустриалды-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы;

2014 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың қарашасына дейінгі аралықта Алматы облысы Қаратал ауданы әкімі аппаратының басшысы;

2017 жылдың қараша айынан Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

2018 жылдың 8 тамыз айынан Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі орынбасары болып тағайындалды.