Шымкенттік батыр аналар марапатталды

0
1 521

Қазақстан Республикасы Президентінің атынан куәліктер табыс етті.


Шымкенттік батыр аналар марапатталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында батыр аналарға куәлік табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Мәуленқұлов Ғабит Патшаханұлы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 04 қарашадағы №202 Жарлығына сәйкес ҚР Президентінің атынан жеті бала тәрбиелеп өсірген үш анаға «Алтын алқа» және алты бала тәрбиелеп өсірген тоғыз анаға «Күміс алқа» төсбелгілерін тағып, мерейге бөленген аяулы жандарға куәліктерін табыс етті.

«Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін! Әр ананың арманы - баласын биіктен көру. Ұл-қыздардың тілегі — ата-ананың амандығы. Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, ұл-қыздарыңыздын қызығын көріп, бірге қуанып жүре беруге тілектеспін! Ақ жаулықты әже болыңыздар, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», – деп Ғабит Патшаханұлы өз тілегін білдірді.


Жалпы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша 4900 көп балалы аналар бар, олардың 351-і «Алтын алқа» және 1300-і «Күміс алқа» иегерлері. Елбасының жарлығымен 2019 жылдың басынан бері 22 «Алтын алқа» және 78 «Күміс алқа» төсбелгілері табысталды.