Шымкенттік кәсіпкер "Даму" қорының қолдауымен балық ыстау цехын іске қосты

0
657

Балық ыстау нарығында 2008 жылдан бері еңбек етіп келеді.


Шымкенттік кәсіпкер

Шымкенттік кәсіпкер айына 6-7 тоннаға дейін, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олжас Нахипов балық ыстау нарығында 2008 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бұл кәсіпті алдымен сырт елдерден әкелінетін теңіз өнімдерін сатудан бастады. Осылайша нарықты, технологияны зерттеп, өзі шағын балық ыстайтын цех ашуға бел буады.

– Біз әртүрлі шетелдік компаниялардың дайын өнімдерін сатттық. Өнімді сырттан әкелгеннен гөрі осы жерде дайындаған дұрыс екенін ұқтым. Сол кезде өнімнің де дәмі бұзылмайды. Оның үстіне адамдар денсаулыққа пайдалы асты тұтынғысы келеді. Тұтыну нарығын зерттей келе, өзіміздің балықты өңдеу және ыстау цехын ашатын болып шештік, – дейді Олжас.
Алғашқы өнім Шымкент қаласы «Теңіз» ірі көтерме-бөлшек дүкені арқылы сынақтан сәтті өтті. Цехта дәстүрлі табиғи ыстау тәсілі қолданылады. Аздап тұздалған және ысталған арқан балық, алабалық, аздап тұздатылған майшабақ, скумбрия, ыстық және салқын ысталған теңіз және тұзды су балықтары, тыран және бақтақ, тағы басқа өнім түрлері бар.
Ысталған балықтардың маусымы наурыздың аяғынан бастап желтоқсанға дейін жалғасады.
Жеке кәсіпкер алғашында жылыжай кешенін іске қосуды жоспарлаған. Алайда «Даму» Қорының менеджерлерінің кеңестеріне жүгініп, цехты ұлғайтуға шешім қабылдады.
Бүгінде цехта айына 6-7 тоннаға дейін балықтар өңделеді. 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Балық жеткізу және дайын өнімді өткізу үрдісі ретке келтірілген. Шикізатты негізгі жеткізушілер – жергілікті және сонымен бірге ресейлік компаниялар.
Дайын өнімдер ірі супермаркеттер мен өңір базарларында сатылуда.