​Шымкенттік кәсіпкердің банктік шоттары негізсіз бұғатталған

0
522

Кәсіпкер бұған дейін мемлекеттік кірістер департаментінің әрекеттеріне сотқа шағымданған.


​Шымкенттік кәсіпкердің банктік шоттары негізсіз бұғатталған

Шымкенттік кәсіпкердің банктік шоттары негізсіз бұғатталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне 20 миллион теңгеден астам қаражатына бюджеттік міндетті төлемдерді төлемеуіне байланысты банктік шоттарына мәжбүрлеу шаралары қолданылған кәсіпкер жүгінген.

“Арызға сәйкес, аталған қаражат тек 1 мәміле бойынша өткен және ол мәміле екі жақпен бұзылғанына орай қайтарылуға жататын. Департаментпен мемлекеттік кірістер органдарына Салық заңнамасының талаптарын түсіндіре отырып хат жолданды. Бұл ретте кәсіпкер бұған дейін Мемлекеттік кірістер департаментінің әрекеттеріне сотқа шағымданғаны ескерілді”, - делінген жазбада.

Нәтижесінде, заңнама талабы бойынша шағымдану кезеңінде салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтата тұруы жүзеге асырылмауына байланысты, тыйым шешілді.