Шымкенттік ​кәсіпкерге жер учаскесін жалдау мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартылған

0
508

Аталған мәселенің себептері мен салдарын анықтау мақсатында мүдделі тараптармен кездесу ұйымдастырылды.


Шымкенттік ​кәсіпкерге жер учаскесін жалдау мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартылған

Шымкенттік кәсіпкерге жер учаскесін жалдау мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне кәсіпкер жер учаскесін жалдау мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартылғанына қатысты жүгінген.
Кәсіпкер өтініш берген кезде уәкілетті орган қызметкерлерінің дұрыс емес кеңесі салдарынан құжаттарды қате тапсырған. Аталған мәселенің себептері мен салдарын анықтау мақсатында мүдделі тараптармен кездесу ұйымдастырылып, материалдар зерделенді”, - делінген жазбада.
Қалалық Антикордың араласуынан кейін әкімдіктің қаулысымен кәсіпкерге жер учаскесін жалдау мерзімі 4 жылға ұзартылды