Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының бұйрығымен "Қазақстанның Құрметті кітапханашысы" төсбелгісімен марапатталды.
Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының екінші дәрежелі кітапханашысы Құндызай Елекеева Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының бұйрығымен "Қазақстанның Құрметті кітапханашысы" төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ұлттық ұлан мерекелік іс-шаралар мен мәдени кештерді үнемі кітапханамен бірлесе атқарып, тығыз байланыс орнатқандықтан кітапханашыға осындай құрмет білдірді.
Құндызай Елекеева 11 жылдан бері кітапханада жұмыс жасайды. Осы уақыт аралығында түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға ат салысқан.
Жалпы Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы - әмбебап профильді кітапхана болып табылады. Кітапхана 1978 жылдың тамыз айынан бері ел игілігі үшін қызмет атқарып келеді. Кітапхана 14 пен 29 жас аралығындағы жасөспірімдерге, олардың тәрбиесімен айналысатын басқа да оқырмандар категорияларына қызмет көрсететін ірі мәдени-ағарту, білім беру, ақпараттық орталық болып табылады.