Шымкенттік көпбалалы аналар тәтті пісіруді үйренді

0
364

Аталған шеберлік сабаққа 25 адам қатысып, арнайы сертификаттарға ие болды.


Шымкенттік көпбалалы аналар тәтті пісіруді үйренді

Шымкент қаласы «SHANYRAQ» орталығында кондитерлік мастер класс өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Орталыққа тіркелген көпбалалы аналарға белгілі кондитерлік брендтің негізін қалаушы Айжамал ханым мастер клас өтті.

Аталған шеберлік сабаққа 25 адам қатысып, арнайы сертификаттарға ие болды. Мастер класс барысында тек тәтті пісірумен шектелмей Айжамал шебер мотивациялық әңгімелер арқылы да жиналған қыз-келіншектерге алға ұмтылу, армандау арқылы мақсатқа жетуге болатынын айтты. Осындай шеберлік сағаттары арқылы үйде отырған аналарға өз кәсібін жүргізуге бағыт-бағдар берілуде.

Айта кетейік, «Шаңырақ» отбасы институты көпбалалы аз қамтылған отбасыларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік кеңес беріп, пайдалы іс-шаралар ұйымдастыруды қолға алған.