Шымкенттік қызды алдап кеткен 29 жастағы жігіт ұсталды

0
743

Жалпы келтірілген шығын көлемі - 2 275 000 теңге.


Шымкенттік қызды алдап кеткен 29 жастағы жігіт ұсталды

Шымкенттік бойжеткен сүйген жігітіне көмектесемін деп, қалтасы қағылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Арызданушының сөзінше, көңіл жарастырып жүрген жігітіне әлеуметтік жағдайын оңалту үшін өз атынан несие алып берген. Бұдан бөлек қолындағы жеке ұялы телефонын ломбардқа өткізіп, одан түскен 250 000 теңгені ақшалай қолма-қол бергенін жазған. 28 жастағы азаматша алаяқтық жолмен алынған қаражатын әлі қайтара алмай жүргенін көрсеткен. Жалпы келтірілген шығын көлемі - 2 275 000 (екі миллион екі жүз жетпіс бес мың) теңге.
Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді.
Тәртіп сақшылары күдіктіні тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.
"Тергеу барысында ұсталған азамат заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі уақытта күдіктінің алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.