Қазақстан ұлттық құрамасының Әлем біріншілігіндегі үшінші алтын жүлдесі.
ERNUR.KZ. Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында қаладағы № 52 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Айсұлу Мұхит чемпион атанды.
Байрақты бәсекеде 66 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған спортшы финалда румыниялық боксшыны 3:2 есебімен жеңіп, ел мерейін үстем етті.
Бокс, жүгіру, жеңіл атлетика үйірмелеріне белсене қатысатын үздік оқушы осыған дейін халықаралық жарыстардың жеңімпазы, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған.