Аталған мектеп биылғы тестілеудің нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша үздік көрсеткіш көрсеткен.
Шымкенттегі №90 жалпы орта білім беретін мектепті бітірген 88 түлектің 80-і грант иегері атанған, деп хабарлайды ERNUR.KZ zamana.kz порталына сілтеме жасап.
Шымкент қаласындағы №90 жалпы орта білім беретін мектеп биылғы тестілеудің нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша үздік көрсеткіш көрсеткен. Бұл жетістік туралы мектеп директоры Арман Орынбеков мәлімдеді.
«2018-2019 оқу жылында 88 бітіруші түлекұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Қуантарлығы, 6-тамыз күнгі жинақталғанмәліметтер бойынша мектебіміздің 80 түлегі мемлекеттік грант иегері атанып отыр. Бітірушілеріміздің көпшілігі ақпараттық технологиялар, менеджмент және басқару, әуе көлігі және технологиялары, фармацевтикалық өндіріс технологиясы, жалпы медицина, электр техникасы және энергетика мамандықтарын таңдаған. Сөйтіп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Л.Гумилев атындағы «Еуразия» ұлттық университеті, Сүлейман Демирель атындағы университет, Азаматтық авиация академиясы секілді еліміздегі беделді жоғарғы оқу орындарына оқуға түсті. Мұның барлығы талапшыл пән мұғалімдері мен ықыласты ата-аналарымыздың еңбегі деп білемін», - дейді мектеп басшысы өз сөзінде.
Сондай-ақ, аталған мектептің биылғы тестілеудегі орташа көрсеткіші 107 балды кұраған. Бұл былтырғы оқу жылымен салыстырғанда қала мектептері арасындағы ең үздік нәтиже екен.