Бауыржан Әбдірахманов пен жұбайы Хадиша Санаева дүниеге 7 баланы әкелген. Ал, 4 баланы қамқорлықтарына алған мейірімді жандар.
иллюстрациялық фото
Елбасымен аттас екенімді мақтан етемін! Шымкент қаласы Полиция департаментінде 47 Нұрсұлтан есімді қызметкер еңбек етеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Олардың басым бөлігі Тәуелсіз Қазақстанның құрдастары. Тұңғыш Президент, Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаевты үлгі тұтатын полицейлер жауапкершілігі мол өз қызметіндегі жетістіктерін Тәуелсіздік тартуы деп біледі. Өздерінің тұлға, білікті маман ретінде қалыптасуына ықпал еткен ардақты есімнің жауапкершілігін сезінеді.
Мәселен, Нұрсұлтан Меймашев 2018 жылдан бері Ішкі істер органдарында қызмет атқарып келеді. Ал, Құттыбаев Нұрсұлтан жеті жылдан бері Ішкі істер органында мінсіз қызмет атқарып келеді. Қос полицей үшін Тұңғыш Президент күнінің маңызы зор. Себебі, олар осы мейрамда игілікті іс атқаруды әдетке айналдырған. Мәселен, биыл олар өз әріптесі, 11 баланы тәрбиелеп отырған Бауыржан Әбдірахмановтың шаңырағына барды. Мерейлі отбасын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, арнайы Елбасының авторлық кітабын табыстады.
Бауыржан Әбдірахманов пен жұбайы Хадиша Санаева дүниеге 7 баланы әкелген. Ал, 4 баланы қамқорлықтарына алған мейірімді жандар. Бүгінде балаларының үлкені 19 жаста, ал кішкентайы тоғызда.
«Менің полицейлерге деген құрметім ерекше. Себебі, балаларымның әкесі де осы салада еңбек етті. Тергеудің бастығы болған. Балам Бауыржан полицияда, қызым әйелдер колониясында қызмет атқарады. Құқық қорғау саласы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Барлық қиыншылық артта қалды. Қазір тәубе, осы 11 немеремнің қызығына тоймай отырмын. Елбасына рақмет. Қамқорлыққа бөлеп, тәуелсіз елде дініміз аман, береке бірлікте өмір сүріп жатырмыз»,-дейді Баян Айдарова.