Шымкенттік отбасы "Біз үйдеміз!" челленджіне қолдау білдірді

0
1 904

"Бұл індетті тоқтату үшін әрбіріміздің өз баспанамызда қалғандығымыз маңызды"


Шымкенттік отбасы

Шымкент қаласының түрғындары "Біз үйдеміз!" челленджін қолдап, қала тұрғындарын үйде отыруға шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мегаполис тұрғындары ел басына түскен қиын жағдайда жерлестеріне үндеу жасап, оларды барынша сақтануға шақырды. Халықтан үйден шықпауын сұрап, төтенше жағдай режимін орындаудың аса қажетті екендігін айтты.

"Біз біргеміз! Біз үйдеміз!" челленджін жалғап, халықты үйде отыруға шақырған шымкенттік отбасылардың бірі - Алшынбековтер әулеті.


Бүгінде 55 жастағы зейнеткер Нұржамал Нұрмаханова 6 немеренің әжесі. Елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде Нұр-Сұлтан қаласынан келген үш немересі және қара шаңырақта тәрбиелеп отырған балапандары "Біз біргеміз! Біз үйдеміз!" атты челленджге қолдау білдірген.

"Мемлекетімізде карантин енгізілгелі бері ешқайда шықпай үйде отырмыз. Бұл - өзіміз үшін, балаларымыздың қауіпсіздігі үшін маңызды. Атамыз (Әбілбай Алшынбеков) да немерелерімізге карантиннің маңыздылығын жиі айтып, үйде отыру қажеттігін ескертіп отырады. Немерелеріміздің алды 8-сынып оқыса, одан кейінгілері 6, 3, 2, 1 сыныпта білім алып жатыр. Ал кенжеміз екі жарым жаста. Барлығымыз үйдеміз. Ел арасында тараған бұл індетті тоқтату үшін әрбіріміздің өз баспанамызда қалғандығымыз маңызды", - дейді Нұржамал Нұрмаханова.