Кеудесінің жеті жерінен пышақталып жарақаттанғанына қарамастан полицей қылмыскерді құрықтаған.
Шымкентте полиция қызметкерінің өміріне қауіп төндіріп, қару кезенгендерге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Айыптау қорытындысы мен іс материалдары қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына жіберілді. Сот алдына Кентау қаласының 20 жастағы екі тұрғыны жауапкершілікке тартылуда. Сотталушылардың бірі бұрын да бұзақлықы бойынша заң алдында жазасын алған. Екеуі де жұмыссыздар көрінеді.
Тергеу жұмыстары аяқталды. ҚР ҚК нің 380 бабы, 2-ші бөлігімен, билік өкілініғң өміріне қауіп төндіріп күш көрсету,378 батың 1-ші бөлігімен билік өкілін балағаттау бойынша, сондай ақ, алдын ала сөз байласып, қару пайдаланып қарақшылық жасау бойынша айып тағылды. Іс материалдары сотқа өткізілді.
Өткен жылдың 17 қазаны күні Шымкентте тапа тал түсте супермаркеттің автотұрағында екі жігіт көліктерді тонамақ болған. Екеудің сезікті әректтерін бірден байқаған полицейлер олардан құжаттарын талап еткен. Қаша жөнелген екеудің соңынан түскен полицейлердің бірін жарақттаған. 38 жастағы учаскелік инспектор Нұржан Омаровтың кеуде тұсынан бірнеше рет пышақ сұғып алған. Алған дене жарақаттарына қарамастан тәртіп сақшылары қылмыскерлерді құрықтаған.
Айта кетейік, сот отырысы 12 ақпанға жоспарланған. Ал сотталушылардың қолынан жарақаттанған Нұржан Омаров полицейлік қызметіне кіріскен. Кеудесінің жеті жерінен пышақталып жарақаттанғанына қарамастан қылмыскерді құрықтаған полиция сержанты марапатқа ұсынылып, қызметтік жоғарылаған көрінеді.