Шымкенттік полицейдің бастамасымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық шарасы өтті

0
4 551

100 балаға сыйлық табыстап, мерекелік дастархан жайды.


Шымкенттік полицейдің бастамасымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық шарасы өтті

Шымкентте полиция бөлімшесінің аға инспекторы жасөспірімдерге қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Полция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Тоқсеитов Берік Ерғалиұлының бастамасымен № 7 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдеріне қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Атап айтсақ, шара барысында № 44 орта мектептің окушыларынан құрылған «жас полиция» тобының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, әр жасөспірімге Жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, сол мекеменің 100 баласына мерекелік дастархан жайылды.