Шымкенттік полицейлер балалар үйіне барды

0
2 649

Бұл қайырымдылық шарасының негізгі мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау.


Шымкенттік полицейлер балалар үйіне барды

Полиция басқармасы анықтау бөлімінің қызметкерлері кезекті рет қайырымдылыққа атсалысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тәртіп сақшылары Шымкент қаласында орналасқан №3 балалар үйі тәрбиеленушілерінің алдын-ала дене өлшемдерін алып, соған сәйкес 35 балаға жазғы аяқ киім алып берді.

- Бала қуанса әлем қуанады. Бүлдіршіндердің күлкісінен асқан бақыт жоқ. Бұл қайырымдылық шарасының негізгі мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау. Ұжыммен бірлесе көптен бері қайырымдылық жасауға ниеттенген болатынбыз. Мұндай шараларды алдағы уақытта да жалғастыруды көздеп отырмыз. Олардыңәр бірінің қоғамда өз орнын тауып, тұлға болып қалыптасып, өмірде өз жолдарын табуына тілектеспіз, - дейді ұйымдастырушылар.