Шымкенттік полицейлер жалған ақпарат берген азаматты ұстады

0
1 186


Шымкенттік полицейлер жалған ақпарат берген азаматты ұстады

Шымкентте белгісіз біреу полицияға қоңырау шалып теракт ұйымдастырамын деген хабар берген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жуырда түнгі сағат 00.15 шамасында Шымкент қаласы ПД-нің «102» номеріне белгісіз азамат «мен теракт ұйымдастырамын» деп хабарлаған.

Оқиға орнына келіп жеткен Шымкент қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында телефон шалған күдікті азаматты дер кезінде анықтап, ұстады. Ол Шымкент қаласы Тассай елдімекенінің тұрғыны екен.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 273 бабы «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.