Ерлан Қуанышұлы полицейлердің жұмысы жүйелі болуын тапсырды.
Шымкентте полицей қызметкерлеріне 109 көлік берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында тәртіп сақшыларына 100-ден аса қызметтік автокөліктің кілті салтанатты түрде табысталды.
Бұл автокөліктердің кілтін Шымкент қаласы әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов табыстап, алдағы уақытта полицейлердің жұмысы жүйелі болуын тапсырды.