Шымкенттік прокурорлар заңсыз ұсталып отырған 21 адамды босатты

0
1 110

2019 жылдың алғашқы 9 айында 31 119 азаматтың конституциялық құқығы қорғалған.


Шымкенттік прокурорлар заңсыз ұсталып отырған 21 адамды босатты

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының прокурорлары қылмыстық қудалау органдарының қызметтік бөлмелерінде заңсыз ұсталып отырған 21 адамды босатқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының прокуратурасы 2019 жылдың алғашқы 9 айы бойынша қорытынды жасап, аталған жиынды ашқан қала прокуроры Мақсат Қожабаев қадағалау органымен атқарылған бірқатар оңды жұмыс нәтижелеріне тоқталды. Атап айқанда, аталған уақыт мерзімінде 31 119 азаматтың конституциялық құқығы қорғалып, жүргізілген 41 тексеру мен 117 талдау нәтижесінде 580 мың адамның құқықтары қорғалған және 600-ге жуық адам жауапкершілікке тартылған.


Оларға жеке тоқталсақ, шымкенттік прокурордың айтуынша:

• Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден оқытқаны үшін 4428 мұғалімнің жалақысына қосымша 62 млн. теңге өндірілген;

• Прокурорлық актілер негізінде 227 мың тұтынушының құқықтары қорғалып, 211 мың шарттан артық талаптар алынып тасталса, су тарифі (82,20-дан 73,65 теңгеге) және газ тарифі (3587,67-ден 3497,91 теңгеге) төмендеген;

• 2 монополисттің іс жүзінде кетпеген шығындарды тарифке қосу деректері прокуратураның АЕК-не тіркеліп, бүгінгі таңда қылмыстық істер тергелуде;

• Дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бағытындағы тексеру нәтижесінде анықталған 91 млн. астам теңгеге дәрілік заттарды ұрлау және оларды жасырын қоймада жинақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған;

Жол қауіпсіздігінің сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесінде 6 000 астам заңдылықты бұзушылық деректері анықталып, 16-ы АЕК-не тіркелген;

Прокурорлар қылмыстық қудалау органдарының қызметтік бөлмелерінде заңсыз ұсталып отырған 21 адамды босатып, соңғылардың бостандық құқықтарын қалпына келтірген;

Полиция органдары 400 компьютермен қамтамасыз етілудін нәтижесінде, тергелетін электрондық қылмыстық істердің саны 8 есеге дейін артқан (380/3082);

50 азаматқа қатысты шығарылған үкімдер прокурордың аппеляциялық өтінішхатынан соң заңнамаға сәйкестендірілген.


Сондай-ақ, мәжілісті қорытындылаған қала прокуроры қылмыстық қудалау орбитасындағы барлық қатысушылардың құқықтарын қорғау, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және цифрландыру саясатын одан әрі жаңғыртуға бағытталған шаралардыкүшейтуді тапсырды.