Шымкенттік сот судьялары латын әліпбиін үйренуді бастады

0
962

Шымкент қалалық сотында латын әліпбиін оқып-үйренуден екі айлық дәріс басталды.


Шымкенттік сот судьялары латын әліпбиін үйренуді бастады

Шымкент қалалық сотының судьялары латын алфавитін оқып-үйрену үшін екі айлық курсты бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 19 ақпандағы Жарлығымен қазақ әліпбиінің латын графикасының 32 әріптен тұратын жаңа нұсқасын бекіткен болатын. Осыған байланысты, Шымкент қалалық сотында латын әліпбиін оқып-үйренуден екі айлық дәріс басталды.

Онда латын әліпбиіне негізделген қазақ тілінің негізгі артықшылықтары түсіндіріліп, араб қарпінен латынға, одан кириллге көшкен қазақ әліпбиінің тарихы туралы айтылды.

Сондай-ақ, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының» оқытушысы Айнаш Туғанбаева өткізетін дәрістің сабақ кестесі түзіліп, оқыту судьялардың жұмыс орны бойынша жалғасады деген шешім шықты.

Айта кетейік, мұндай сабақтар аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары мен сот қызметкерлеріне былтырғы жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.