Шымкенттік тәртіп сақшылары америкалық мототуристке көмек көрсетті

0
843

Саяхатшы жолда әмиянын жоғалтып алып, қиын жағдайға тап болған.


Шымкенттік тәртіп сақшылары америкалық мототуристке көмек көрсетті

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкенттік полицейлер әмиянын жоғалтып алған мототуристі уақытша тіркеуге алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нақтырақ айтсақ, 2019 жылдың 16 қыркүйегінде Америка азаматы Алексей Чумак Қазақстан аумағында, Қызылорда облысынан Түркістанға барар жолда өзінің әмиянын түсіріп алып, құжаттары, ақша және банк картасын жоғалтып алған.

Ал, Шымкенттік полицейлер мототуристің қиын жағдайы туралы естіп, жедел көмекке келген және Шымкент қаласының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері ҚР Үкіметінің № 148 Қаулысына сәйкес саяхатшыны уақытша тіркеуге алған.