Шымкенттік тұрғын несие алам деп 100 млн теңге тұратын үйінен айрылды

0
497

Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізілуде.


 Шымкенттік тұрғын несие алам деп 100 млн теңге тұратын үйінен айрылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте ірі көлемде несие шығарып беремін деп тұрғынның 100 млн теңге тұратын үйін сатып, алдап кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

10 маусым күні Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған.

Жәбірленушінің Б.есімді танысы ірі көлемде несие шығарып беремін деп алдап, өзіне тиесілі құны 100 000 000 теңге тұратын үйін несие шығарып бермей, үшінші тұлғаға рәсімдеп жібергенін жазып көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізілуде.