Кітапхана ғимаратын аралаған жастар кітапхана тарихымен, онда қандай кітаптар мен мерзімді басылымдардың сақталатындығы туралы және кітапхананы пайдалану ережелерімен танысты.
Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен М.Тынышпаев атындағы QazATK колледжінің жастарына А.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Айта кетейік, халықаралық балалар кітабы күніне орай, «Кітап – ғажайып әлем» атты кеш өтті. Аталған мерекелік кешке Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, балалар ақыны Дәркен Танабаев пен фантаст-жазушы Сарманбай Исақ және А. Байтұрсынов атындағы №50 көпсалалы мектеп-гимназиясы, Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Кеш қонақтары жас оқырмандарға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндірді.
Мерекелік кеште мектеп оқушылары Дәркен Танабаевтың өлеңдерін нақышына келтіре оқып, ән мен күйден шашу шашты.
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан жиыннан жас оқырмандар мол мағлұмат жинап, рухани азық алып тарқасты.