Шымкенттік жастар қыш құмыра жасауды үйренді

0
905

Іс-шара «Art GIay» қолөнер орталығымен бірлесе өткізілді.


Шымкенттік жастар қыш құмыра жасауды үйренді

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен «Art GIay» қолөнер орталығымен бірлесе отырып жастарға саз балшықтан қыш құмыра жасау жолдарын үйрету бойынша мастер-класс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шеберлік сабағының мақсаты – саз балшықтан бұйымдар жасаудың қыр-сырымен таныстырып, жастардың осы өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, қыш өнері, саз балшық мүсіндерін насихаттау.

Шара барысында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттеріне қыштан жасалатын бұйымдар технологиялық қасиеттеріне байланысты негізгі шикізат болып табылатындығын, техникалық қыш жекелеген түрлерінің қасиеттері саздан және каолиннен (ақ бор) жасалған өнімдердің қасиеттерінен өте қатты ерекшеленетіндігін, технологиялық әдістерін қолданып, оларға шикізатты өңдеу, қыш массаны дайындау, өнімді шығару, кептіру және күйдіру жұмыстары жүргізілетіндігін әңгімелеп берді.

Сонымен қатар, жасалған саз құмыра түрлері, ыдыстар, түрлі жануарлар бейнелері жасауға болатындығы айтылды.