Қаулыға сәйкес көлік құралын тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды.
Шымкенттік жүргізушілер Армениядан әкелінген көліктерін тіркеуді бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
1 маусым ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Қаулысы негізінде Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейінгі еліміздің аумағына кіргізілген көлік құралдарын тіркеуге алу жұмыстары басталды.
Қаулыға сәйкес көлік құралын тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды.
Оған 695 теңге (0,25 АЕК) - тіркеу үшін алым;
3 773 теңге (1,25 АЕК)- көлік құралын тіркеу куәлігі үшін баж;
7 778 теңге (2,8 АЕК)- мемлекеттік нөмер үшін баж кіреді.
Шымкент қаласы бойынша көлік құралдарын тіркеу үшін құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Халыққа қызмет көрсету орталығының Шымкент қаласы бойынша мамандандырылған бөлімдерінде қабылдануда.
Естеріңізге сала кетейік, көліктерді тіркеу 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жүргізіледі