Шымкенттің 2200 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді

0
2 560

1 наурыздан бастап Абай кітапханасының есігі пилоттық режимде оқырмандарға сағат 23:00-ге дейін ашық болады.


Шымкенттің 2200 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді

Биыл Шымкент қаласының 2200 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн форматта өткен халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты.
Халықтың мәдени өмірін байытуға тиіс өнер ұжымдары толықтай мемлекеттік субсидияда. Мәдениет мекемелерінің жылдық бюджетінің 98 пайызын мемлекет беріп отыр. Сол себепті биыл мәдениет мекемелеріне 30 пайызға дейін қаржы табу жүктелді. Халықты қызықтыратын жақсы қойылымдар қойып, мәдени бағдарламалар әзірлесе, халық бармайды емес, барады. Мәдениет саласына халыққа, яғни, нарыққа жұмыс істейтін кез келді, – деді қала басшысы.
Мұрат Дүйсенбекұлының айтуынша, биыл қалалық 10 кітапхана модернизациядан өтіп, кітапханалар халық сапалы уақыт өткізетін орындарға айналады. Яғни, рухани қазыналық орындар «отбасылық кітапхана» концепциясымен дамиды. Нәтижесінде, бұл модернизациядан өткен кітапханаларға келушілер саны 4 есеге өседі деп жоспарланып отыр.
Осы орайда шаhар басшысы қаланың мәдени-рухани өмірінде оң өзгерістер барын жеткізіп, бұл салаға жаңа мамандар келіп, жоғары талаптар қойылып жатқанын айрықша атап өтті.
Сонымен қатар М.Әйтеновтің есеп беру кездесуінде 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы болса, биыл Шымкент қаласының 2200 жылдығы төңірегінде ЮНЕСКО көлемінде бірқатар мәдени-рухани іс-шара өтетіні белгілі болды.
Айта кетейік, бүгінде кітапханалар сағат 18:00-ге дейін істесе, 1 наурыздан бастап Абай кітапханасының есігі пилоттық режимде оқырмандарға сағат 23:00-ге дейін ашық болады.