2200 жылдық тарихты арқалаған Шымкент — көне қалалардың бірі.
Шымкенттің 2200 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы даталар күнтізбесіне енді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкенттің 2200 жылдығын атап өту мәселесі бүгін ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында қаралды. Яғни6 комиссия мүшелері биыл ЮНЕСКО-ның атаулы даталар күнтізбесіне енгізілген Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Шымкенттің 2200 жылдығын атап өту мәселесіне ерекше назар аударды,-деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссияның тұрақты мүшелері – мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, ҚР білім, ғылым және мәдениет қайраткерлері қатысты.