Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетті

0
3 158

Ғабидолла Әбдірахымов қала әкімі қызметінде 2018 жылы 20 маусым айынан бері қызмет атқарған.


Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетті

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әкім лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік, Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда бұрынғы ОҚО облысы Киров ауылында туған. Екі жоғары білімі бар: экономист және мемлекеттік басқару маманы. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.

Еске сала кетсек, Ғабидолла Әбдірахымов алғашқы рет Шымкент қаласы әкімі лауазымына 2015 жылы тағайындалған. Қала басшылығын 2 жыл тізгіндеген әкім 2017 жылы лауазымынан босатылған болатын. Араға жеті ай салып Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала статусына алған тұста, яғни, 2018 жылы 20 маусымында Шымкент қаласы әкімі болып қайта тағайындалған еді.